Алға орта мектебі бойынша  Ұстаздар күніне арналған шараның

орындалысы туралы хабарлама

Ұстаз-ұлағатты ұғым! Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап,өмір атты шексіз ғаламға топшысын  қатайтып ұшырады. Дәлірек айтқанда, адамды өмір сүруге тәрбиелейді. Сол үшін  бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп,тер төгеді. Мектебіміздің қамқоршылық кеңесі  төрағасы Нұрмағанбетов Бағытжан ағай да құттықтау тілегін жолдап,мектебіміздің математика пәні мұғалімі Есмағанбетова Зубайда апай мен орыс тілі пәні мұғалімі Айткужина Дария апайға  кеңес мүшелері атынан сыйлықтарын табыстады.  Ол Ұстазға деген ерекше құрмет деп түсінеміз.