XX ғасырдың 20-жылдары жалпы халықтың сауатсыздығын жою мақсатында ауыл-селоларда мектептер ашыла бастады. Соның бірі 1924 жылы Бақсай ауданына қарасты 17-ауылдағы Қарасу сауат ашу мектебі еді. 1926 жылы Тыншымов Рақымбердінің басшылық етуімен, ауыл адамдарының көмегімен 4 сыныптық Ақсай бастауыш мектебі ашылды. Мектепте 70-75 оқушы оқыған. 1930 жылы сынып бөлмелерінің аздығы мен тарлығына байланысты мектеп жабылып, 1935 жылдан бастап, Ақсай бастауыш мектебі Құлтай 7 жылдық мектебі болып құрылды.
1962 жылдан бастап, мектеп 8 жылдық білім беру жүйесіне көшірілді.
1966 жылдан бастап мектеп директоры Бақтияров Рахметолла, оқу ісінің меңгерушісі Айтқалиев Құсиын болды. Мектеп жанынан малшылар балалары үшін интернат ашылып, онда 55 малшылар балалары тәрбиеленді.
1967-1968 оқу жылында мектебіміз №11 орта мектеп болып қайта құрылды да, осы оқу жылында X сыныптың бірінші кезегі он жылдық білім алып шықты.
1972-1973 оқу жылында мектепте 373 бала оқыды. Мектеп бойынша сабақ үлгерім 98% болды. Бұл жылы мектепте 24 мұғалім жұмыс жасады. Дәл осы жылы колхоздың XXI партия съезі атындағы совхозға айналуына байланысты селомызға түрлі ауылшаруашылық мамандары көшіп келіп, мектеп жаңа мамандармен толықты. Бұрын мектебіміз №11 орта мектеп деп аталынып келсе, енді «Алға орта мектебі» болып аталатын болды.
1975-76 оқу жылында Алға орта мектебінің директоры – Айтқалиев Құсиын, оқу ісінің меңгерушісі – Темірғалиев Жалғас, оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушы – Махамбет Оңдағанов болды.
Мектебімізде еңбек еткен ұстаздар:
- Уялиев Болат
- Қожахметов Гүлжиһан
- Елеусінова Қаламқас
- Даулетьярова Маруся
- Құрманғалиева Мария
- Рахметов Тілеп
- Машқалиева Айбарша
- Қошетеров Серік
- Боранбаев Нұрым
- Тілекова Баян
- Жұмақұлов Олжабай
- Алдабергенова Аққойқын
- Тұрарова Қонысбай
- Қуандықов Құрақбай
- Ақдәулетов Нұрсапа
- Берғалиева Нәсіп
- Аманова Жауқалсын
- Байменова Қатима
- Нағыметова Малика
- Төреханова Хайша
- Мурзиева Сұлушаш
- Ұзақбаев Тілеген
- Тебениязова Әмина
- Төлегенова Нысанбике
1976-77 оқу жылында мектепке шефтік көмек ретінде XXI партсъезд совхозы бір сменада оқитын болды.
1977-78 оқу жылында мектепті 44 оқушы бітіріп, өз жүректерінің қалауымен өздерінің туған атамекендерін өркендету мақсатында «Жас жігер» құрылыс бригадасын құрып, жұмыс жасауға бел буды. Осы жылы мектеп екі қатарлы жаңа үйге орналасты. XXI партсъезд совхозының директоры – Ауданов Нұрмұхан басшылық етті.
1980 жылдың май айының 12-сі күні мектеп директоры Айтқалиев Құсиынға «СССР халық мұғалімі» деген құрметті атақ берілді.
1981-82 оқу жылында мектебімізге жаңадан мұғалімдер келді:
Есмағанбетова Зубайда (математика пәні мұғалімі)
Бердімұратова Ағайша (математика пәні мұғалімі)
Қауланбаева Батима (орыс тілі пәні мұғалімі)
Байдулов Абат (физкультура пәні мұғалімі)
Осы жылы 10 сынып оқушысы Оңдағанов Уали мектепті алтын медальмен аяқтады.
1988-89 оқу жылында Нұрғалиева Гүлбаршын Сайынқызы
Имашева Жаңылсын Орашқызы алтын медаль, Әбдіғалиева Гүльмира Шынтасқызы күміс медаль алды.
1990-91 оқу жылында Уалиева Жанна орта мектепті алтын медальмен, ал Нұрғалиева Гүлсара мен Балқасынова Райхан күміс медальмен аяқтады.
1992-93 оқу жылында педагогикалық коллектив жаңа кадрлармен толықты. Олар: Арыстанов Серік, Сиғуатова Гүлжамал,, Көшенов Октябрь, Мұқатова Ләйлә.
Мектепте оқушылар ыссы тамақпен қамту жұмысы жүзеге асты. Мектепте дәрігер Дәулетова Қатима, есепші болып Көшбаева Рахат жұмысқа орналасты.
1994 жылы Сүйекбаев Хамел аудандық «Әнші балапан» байқауында I орын, облыстық «Әнші балапан» - I орын, Республикалық «Әнші балапан» - I орын, Республикалық «Вокалистер» конкурсынан I орын және Республикалық «Бозторғай» - I орын иеленді.
1997-98 оқу жылында мектеп директоры - Әбдешев Ғабиден, оқу ісінің меңгерушісі - Нағметова Малика, ұйымдастырушы – Тұраров Қонысбай.
1998-99 оқу жылында мектеп директоры Әбдешев Ғабиден «Жыл директоры - 99» аудандық байқауға қатысып, II орын алды.
2001-2002 оқу жылында Алға орта мектебі «Сорос - Қазақстан» қорының «Мектеп – жергілікті қауымдастықтың орталығы» бағдарламасы бойынша $ 5.577 мөлшеріндегі грантын жеңіп алды.
Абдешев Олжас облыстық «Абай-Шәкәрім» оқуында жеңімпаз атанды. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Топтан озған тарланбоз» атты 3 Республикалық көркемсөз оқушылар жарысында Хамит Ерғалиев атындағы II жүлделі орынды жеңіп алды.
VIII сынып оқушысы Орынғалиева Самал Майданқызы «Мен болашаққа үн қосамын» атты шығармалар конкурсынан 1-орын алып, Республикалық шығармалар топтамасына ұсынылды. VIII сынып оқушысы Сүйінова Кенжегүл «Абай – Шәкәрім» оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1-орынды иеленді.
Сүйінова Кенжегүл вокалистер сайысында бас жүлде алды.
2003-2004 оқу жылында бейнелеу пәні мұғалімі Сүйінова Фарида аудандық «Жыл сынып жетекшісі» сайысында «Шебер ұстаз» атағын, 1-облыстық көрме байқауында графика жанры бойынша жүлделі II орын иеленді. Осы жылы мектеп директоры Ғабиден Сәуірбайұлының басшылығымен «Сорос - Қазақстан» қорының $ 5.677 мөлшерінде 2-рет грантын жеңіп алды.
2004-2005 оқу жылында 1 алтын белгі: Әбдешев Олжас
4 мақтау қағазы: 1. Уалиева Гүлмира
- Аққалиева Саягүл
- Дәуленов Абзал
- Әмірова Райлы
Математика пәні мұғалімі Роза Бегайдарова «Математиканы деңгейлеп оқыту» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енгізілді.
География пәні мұғалімі Жумагалиева Нұргүл «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі кәсіби шеберлікті және оқу әдістемелік жұмыстарды жетілдірудегі шығармашылық еңбегі үшін» облыстық Құрмет грамотасымен марапатталды.
2005-2006 оқу жылы Ғ.С.Абдешев жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Алдабергенқызы Аққойқын «Үздік ауыл мұғалімі», мектебіміздің волейбол командасы облыстан - II орын, 7 сынып оқушысы Болатова Айзада «Күміс дауыс» конкурсынан IV орын, «Жас қанат» конкурсынан бас жүлдені жеңіп алды.
2006-2016 жылдардың аралығында мектеп жаңа жас ұстаздармен толықты. Көптеген ұстаздарымыз жүлделі орындарға ие болды. Мұқатова Л. «Жаңарған елге- сапалы білім» аудандық педоқудан – I орын, VIII облыстық педоқудан – III орын алды. Аудандық олимпиададан А.Алдабергенқызы I орын, Сүйінова Фарида – облыстық суретшілер сайысында II орын иеленді. Ілиясова М. «Ақын қонақтар» панорамалық сабақтан I орын, «Ең үздік бейнелеу өнері пәні мұғалімі» Сүйінова Ф – бас жүлде,Үмбетова З. аудандық «Тәлімгер – 2009» бас жүлде және облыстық байқаудан I орын, Аққалиева С. «Жас мұғалім - 2010» I орын, Құлкенова Диляра аудандық пед оқу – I орын, облыстан – III орын, Батқашева С «Жыл психологы - 2012» аудан – бас жүлде, облыс – II орын, т.б.
Жетістікке жеткен оқушылар:
Аудандық «Жарқын болашақ»,сайысынан Әбілқайыров А. Бас жүлде, Амангелдиев Т. I орын, облыстан Әбілқайыров А. - II орын, «Сөз шебері» - Әбілқайыров А. I орын, «Әнші бұлбұлдар» - Амангелдиев Т.аудан мен облыстан I орын, Республикадан III орын, Атағұлова М – Алтын белгі, т.б.
Мектепте оқу- тәрбие жұмысының мониторингтік қызметін жолға қоюға күш салды. Оқытудың жаңа технологияларының бірі ақпараттық технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау мұғалімнің басты міндеті. Елбасымыздың 2010 жылғы 7 желтоқсанда бекітілген «2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі міндеті электронды оқытуды енгізу болатын. Осы бағытта мектеп электрондық оқыту жүйесімен жұмыс жасауды қолға алды. Осының нәтижесінде мектеп толық компьютерлендірілді.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, Алға орта мектебін осы мектептің түлегі Жумагалиева Нургул Смагуловна басшылық етеді.












