ҮНДЕУ МӘТІНІ

Жалпы білім беретін Алға орта мектебі – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол оқу орны.

Мектептерге енгізіле бастаған жаңа білім беру жүйесінің артықшылықтары, білікті ұстаздардың тың тәжірибелері мен танымдық материалдары, білім берудің жаңартылған мазмұнына сай зерделі зерттеулер, атқарылып жатқан басқа да көптеген игі  шаралар ел дамуының негізгі күштерінің бірі саналатын жалпы орта білім  беру саласына, ұстаздар қауымына  қолдау екені анық. 

Біздің мектеп педагогика саласына бірден-бір басымдық беретін білім беру ісінің қызметкерлеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған өзара ынтымақтастығынан құрылған тәжірибе алмасудың ортақ алаңы.  Мектептің педагогтары осы өзара жағымды, ынтымақтастық қарым-қатынасты үнемі дамытып отырумен қатар, оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, құқықтық қасиеттерді тәрбиелеуде. Сондай-ақ оқушы дағдысын қалыптастыру, функционалды сауатты болуға тәрбиелеу, жаңашыл технологияларды қолдану оқу үдерісімен бірге тәрбиелеуді де өзгертуге жағдай жасауда.

Мұғалімдеріміздің арасында «Білім беру ісінің үздік қызметкерлері», «Білім беру ісінің үздіктері», «Құрмет грамоталарымен»  марапатталғандары бар.

Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысуда. Бұл біздің маңызды нәтижеміз, біз онымен мақтан етеміз және болашаққа деген сеніммен қараймыз. 

Құрметпен, Алға орта мектебі әкімшілігі

 

ҚОСЫМША БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

Атауы

Сипаттамасы

 

Бөлім атауы

Үйірме, факультатив, спорттық секциялар, элективті үйірмелер

 

Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру даярлық клубы

«Футбол тобы» спорттық секциясы

«Шахмат» үйірмесі

Махамбет аудандық балалар спорт мектебі

«Волейбол тобы» спорттық секциясы

 

 

Мектеп  директоры                                            Н.Жумагалиева