Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа деп Абай атамыз жырлағандай, адамдарды риясыз сүюді, айналаңа сүйіспеншілікпен қарауды үйрететін өзін-өзі тану рухани – адамгершілік бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісінде ықпалдылығын айқындау және тәжірибе алмасу мақсатында 26.10.2018 жылы Алға орта мектебі базасында өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің өткізілді.

 

Семинарға аудандық білім бөлімінен Сара Саресқызы және аудан мектептерінен 17 мұғалім қатысты. Семинар Жас Ұлан ұйымының ұйымдастырған қонақтарды қарсы алу рәсімімен басталып, одан әрі қазақ тілі пәні мұғалімі Үмбетова Замзияның 10-сыныптарға «Іскерлік қарым-қатынас тиімділігінің негізгі шарттары», қазақ тілі пәні мұғалімі Жумагалиева Маяның 5-сыныптарға «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», ағылшын тілі пәні мұғалімі Дәуленова Гулфарамның 9-сыныптарға «If I were a millionaire» тақырыптарында ұсынған сабақтарымен жалғасты. Мектебіміздің акт залында шара жалғасын тапты. Е.Агелеуов мектебінен  Амангосова Айжамал «Оқушыларды өзін-өзі тану пәні бойынша жобалық жұмыстарға дайындау» және Қызылүй орта мектебінен Кенжешова Марта «Жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелік іс-шараларда интеграциялау» тақырыптарындағы таныстырылымдарын баяндады.  Алға орта мектебінің психологы Салтанат Муратовна оқу-тәрбие  үрдісіндегі осал тұстарды көрсете отырып, керемет тренинг ұйымдастырып, шара қонақтарын қатыстыра отырып, ой бөлісті. Аталмыш шара мектебіміздің оқушылары ұсынған музыкалық сәлемдемеге жалғасып, Сара Саресқызы шара соңында қорытынды сөз айтып, аталған мұғалімдерді марапаттап, шараны ұйымдастыруда Алға орта мектебіне алғыс айтып, «жақсы» деген баға берді.