Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты,компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу -  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Қараша айының  19-23 күндер аралығында  мектепте математика,информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында  қаралып талданды  және бекітілді.

 

Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

 

Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай  өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газеті  сайысы, олимпиадалар, сыныптан тыс іс- шаралар.

     

Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы  күні оқушылар жиыны  өткізілді,  онда  апталықтың салтанатты ашылуы өтті.

 

 

 

 

 

Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: физика пәні мұғалімі Төлеева Қ  – "Күш" тақырыбында  7 а сыныбында,

 

 

 

 

 

Информатика пәні мұғалімі Изтелеуова С  - « Кіріктірілген функциялар» тақырыбында  8 сыныбында,

 

 

 

Математика пәні мұғалімі Адилова Э - "Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту"  5ә сыныбында. Сонымен қатар  сыныптан тыс іс- шаралар  өткізілді:    дилова   6 сыныптар арасында  «Тапқыр математика» ойыны, «Кел, ойнайық!» – 5-7 сыныптар арасында, «Физика-әлем кілті» , 9 - 10 сыныптарда  атты қызықты кештер өтті.Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін,  логика  мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша да білім алды.  Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны  пайдаланды.

 

 

 

 

 

Апталық барысында  әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға  математика, физика және информатика  пәндерінен сөзжұмбақтар, ребустар, логикалық тапсырмалар құрастырып белсене қатысты. 5-11 сыныптар арсында апта бойы  «Мақал - мәтел – сандар әлемінде»  атты қабырға газеті сайысы өтті. Бұл сайыста I орын - 6 сыныптар,   II орын -5 сыныптар,   III орынға- 7,8 сыныптар ие болды.

 

Пәндер бойынша 5-11 сыныптарда жұмыс  және  бақылау дәптерлері тексеріліп, анықтамалар берілді.

 

Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері және  қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз  – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.