Алға орта мектебі бойынша 2018 жылдың 19 қазаны күні «Қазақ баласы осындай!» тақырыбында өткізілген сайыстан хабарлама
Алға орта мектебінде «Қазақ баласы осындай!» тақырыбында ұл балалар сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу. Бағына бақытты елдің туған ұлан, Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері, Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар, Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері, Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, ақын ағаларымыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған.
Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Бұл сайысқа мектебіміздің 8 сынып оқушысы Сағидоллаев Бекасыл, 9а сынып оқушысы Баймұханов Ерлан, 9ә сынып оқушысы Ерболатов Айбек, 10 сынып оқушысы Бағытжанов Дастан қатысты.Сайыстың 1туры «Өзге емес өзім айтам,өз жайымды» таныстыру бөлімінде ерекше көзге түскен 10 сынып оқушысы Бағытжанов Дастан болса, 2 туры «Жігітке жеті өнерде аз...» өнер көрсету бөлімінде жігіттеріміз өнерден еш қалыспайтындарын дәлелдеді.
3 туры «Мен-қазақ деген мал баққан елмін...» малды мүшелеп,әр мүшені кімге тартатынын жігіттеріміз 9ә сынып оқушысы Ерболатов Айбек ,9а сынып ер баласы Баймұханов Ерлан жақсы меңгергендіктерін көрсетті. «Атадан қалған асыл жоқ» 4 турында 8 сынып оқушысы Сағидоллаев Бекасыл қамшы өруді өте шеберлікпен көрсете білді.
5 тур «Қайым айтыста» суырып салып,жауап беріп көрермендер бір мәз болып,күлісіп алды. Соңғы тур «Жеті қазынаның бірі-берен мылтық» нысанаға дәлдеп ату,автомат бөлшектеуде 10 сынып оқушысы Бағытжанов Дастан мен 9ә сынып оқушысы Ерболатов Айбек мергендіктерін және шапшаңдықтарын дәлелдей білді.Нәтижесінде 1 орын 10 сынып оқушысы Бағытжанов Дастанға, ІІ орын 9а сынып оқушысы Баймұханов Ерланға, ІІІ орын 9ә сынып оқушысы Ерболатов Айбекке, Алғыс хат 8 сынып оқушысы Сағидоллаев Бекасылға бұйырды.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Изтлеуова.З


















