Мақсаты:Оқу-тәрбие білім үрдісінде кездесетін кемшіліктерді іс жүзінде талқылау.
Құрметті әріптестер тренингімізді бастамас бұрын ортаға 10-12 әріптесімізді ортаға шақырамын. Жұмысымызды бастамас,бір-бірімізбен қысқаша танысып болған соң,қобдишамыздан смайликтерді таңдау арқылы топқа бөлінеміз.


Топтарға мәтін оқылады,бірақ – екі топқа екі түрлі позицияда айтылады.1 топқа түсінікті,дикциясы қойып,топтағы әріптестерге жылы жүзбен,тыныс белгілерге тоқталық орташа жылдамдықпен оқылады.Ал,екінші топқа қарама-қарсы темпте оқылады және ойлануға уақыт берілмейді.

Мысалы: 2010 жылдың 28 наурызында Ақтау қаласында өткен Кіші Ғылыми Академия желісі бойынша өткізілген облыстық сайыста 11В сынып оқушысы Сланова А. – 3 орын, 6Г сынып оқушысы Тоқтаған Ә. және Нуриева А. – 4 орын алды.
«Яссауитану» қалалық сайысында 8-сынып оқушысы Таскинбаев М. – 2 орын алды.
«Абай оқулары» сайысында Абылханов А. – 3 орын., Рысбаева Т. – 3 орын.
«Шәкәрім оқуларында» Қайрош А. – 1 орын алды.
Мектебіміз мына педагогтардың табысты еңбектерін мақтан етеді: Нурсагитова Кульшат Искаковна, Медеуова Дамет Бакытжановна, Киреева Любовь Леонтьевна, Сатканова Агипа Кизиловна, Манапова Хадишат Джалаловна, Шишенбаева Роза Орынгалиевна, Ажигалиева Света Багитжановна, Спанова Бахыт Сарсенгалиевна, Мингалиева Зарема Амировна, Десятова Елена Григорьевна, Амангалиев Ращид Амангалиевич, Сафрощенко Алексей Артемович.
Тапсырма топтарға мәтінді барынша қайталап айтып беру. Тапсырма бойынша 1 топ: 60-70 % мәтінді айтып берді,2 топ арине 30%ғана айтты.
Түйін:Оқу –тәрбие үрдісінде теорияны берудегі жиберілетін қателіктер.
-Ақпараттың тым көп болуы
-Презитанцияда ақпараттық шудың болуы
-Түсіндіру барысында,тоқтаусыз сөйлеу
-Қатысушыларға ойлануға,зерделеуге мүмкіндік бермей килігіп сөйлеу алаңдату
-Сауатсыз сөйлеу,невербалика
-Қатысушылар алдында өктемшілдік
-Қатысушыларға арқамен тұру
-Тыныш бір қалыпты дауыс
-Қатысушыларға теріс ниетте болу
-Сыртқы көріністің сәйкес келмеуі
Құрметті әріптестер бүгінгі тренингімізді қортындылай келе, оқу-тәрбие үрдісінде теорияны берудегі жіберілетін қателіктерді іс жүзінде талқыланды.Біздің атқарып жүрген міндетіміздің оңай да, қиын да, қызықты екенін білесіздер.
Шеберлік сынып:
Ортаға: шыны ыдыс,құм,қайыршақ,су,тас назарларыңызға ұсынамын.


Енді назарларыңызды бұл «Шыны ыдыс-сіз бен біздің өмір сүріп жатқан ортамыз,
-Тас-бұл өзісіздің жанымызға жақын жандар
-Құм-материалдық құндылықтарымыз,мысалы:үй,машина,мансап т.б.
-Су-Өмір ағысы,өмірдің нәрі.Осы ғарыштап дамып жатқан өмір ағысында өз-өзімізді рухани адамгершілік жағынан,оқу-тәрбие үрдісіннен де,мақсат бағыт-бағдар қойып дамып, алға сол ағыспен жетістікке бірге жетейік.
Сөз соңында өзін-өзі тану негізін қалаушы Сара Алпысқызы айтқандай: «Өзін-өзі тану» әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап қуаттандырсақ,жүрегі нұрға толы,жан-жағына шуағы шашып тұрған мейірімді адал,елін,жерін,тілін,отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз!
Назарларыңызға рахмет!












