Алға  орта  мектебінде   2018 жылғы 30 қарашадағы

 №10-04-06-05-/2538 хатының негізінде 3-9 желтоқсан аралығында Халықаралық «Компьютерлік ғылым аптасы» шеңберінде «Қазақстандағы код сағаты» акциясы өткізілді. Осыған орай біздің мектебімізде 3-11 сыныптар арасында информатика сабағында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы  өткізілуіне  байланысты  сынып сағаты өтті. 

 

XXI ғасырдың негізгі дағдысы -бағдарламалауға қызығушылықты тудыру, бағдарламалауды жасына, жынысына және ақыл жаратылысына байланыссыз әрбір адам үйрене алатынын көрсету, бағдарламалаушы жұмысымен таныстыру, бағдарламалауды үйренуге сәтті жағдай(оңды тәжірибе) жасау мақсатында сабақтар өткізілді.  Сабақтар сабақ жоспары бойынша жүргізілді.   Бұл сабақ әр оқушыға өзінің бірінші кодын жазуға, бағдарламалау туралы бейне арқылы көріп, естуіне және технологияның біздің қоғамдағы бүгінгі рөлін талқылауларына мүмкіндік туғызды. Оқушылар өз белсенділіктерін көрсету арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырды.

 

Белсенді қатысқан оқушылар сертификаттармен марапатталды.