24-27 тамыз аралығында өткен Республикалық ХХІІ "Абай оқулары" байқауына қатысып, "Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша Махамбет ауданы Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмашова Дильназ (жетекшісі - Мукатова Лайла) ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Алтын медалін" жеңіп алды.
Біздің мектебіміз үшін үлкен жетістік, мектебіміздің мерей екені анық. Бүгінгі жеңісімен, қанжығасына байлаған "Алтын медаль"-імен Жұмашова Дильназды және жетекшісі Мукатова Лайланы шын жүректен құттықтап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Ендеше, бұл білікті оқушы, өнерлі жас ұрпақты тәрбиелеуде тура жолда нық басып келе жатқанымызды дәлелдейді.
#Алға_орта_мектебі
#Абай_оқулары
#Алтын_медаль














