«Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында сынып сағаты өтті
7 қыркүйек күні «Отбасы күніне орай» 11 “А” және 11 “Ә” - сыныптарда «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында тағылымды сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар отбасы, сыйластық, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық, бірлік сияқты маңызды құндылықтармен танысып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті.
Оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, сұрақтарға жауап беріп, екі топқа бөлініп, қызықты сайыс ұйымдастырды. Топтар өзара білім, жылдамдық және шығармашылық қабілеттері бойынша бақ сынасты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызын ұғындыру.
«Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасы – әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, өмірдегі ең қымбат құндылықтардың бірі.
Сынып жетекшілері: Төлеева Қ. , Изтелеуова С.













