Бүгін 2026 жылдың 1-сәуірінде 11-сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында жоғары оқу орындары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында оқушыларға еліміздегі жоғары оқу орындары, шекті балдары, білім беру бағдарламалары, грант мүмкіндіктері және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар алды. Бұл кездесу оқушылардың кәсіби бағыттарын айқындауына және болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Ұйымдастырған педагог-кәсіби бағдар беруші Кадирова Л.Е.