Алға орта мектебінде 2025 жылдың 12 ақпанында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: Өзгерістерге бейімделу және инновациялық әдістерді енгізу» әдістемелік онкүндік аясында «Мамандық – жай ғана жұмыс емес, өмірлік жол» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары мен оқуын бітіріп, жұмысқа кірісіп жатырған жас мамандар және университет қабырғасында оқып жүрген студенттермен кездесу кеші өтті. Мақсаты: Жастарға болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және кәсіби даму жолында кездесетін мүмкіндіктер мен қиындықтарды талқылау.
Атап айтсақ кешімізде қонақ болған:
Кеңесова Данагүл Ғиноллақызы филология маманы, Жұмабаев Самғат Берікұлы мұнай инженері, Мұстафа Назерке Асылханқызы құқықтану маманы Жолғалиев Сәулет Туысұлы өрт сөндіруші сержанты, Амангелді Асель Амангелдіқызы мейірбике маманы. Студенттер: Баймуханов Ерлан Казак тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4 курс студенті, Құсиын Жаннұр Айдынқызы қазақ филологиясы мамандығы бойынша 3 курс студенті, Сиғуатова Сабина Досжанқызы химия-биология мамандығы 4 курс студенті, Қуанышов Жанияз Ақылбекұлы әкімшілік-құқық бұзушылық мамандығы бойынша 1-курс студенті, Қуанова Анэль Өзеркінқызы шет тілі мамандығы бойынша 4 курс студенті.
Кешті бастамас бұрын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Ибрашовнаға сөз беріліп, жақсы тілектерін айтып, бәріне сәттілік тіледі. Мектебіміздің жас ұландары өз өнерлерін көрсетіп, кешті патриоттық сезімге бөледі. Кезек қонақтарға келіп, алғашқы сөздері мектепке келгендегі сағыныш сезімдерін жасыра алмады. Кейін оқушылар өздерін толғандырған сан алуан сұрақтарына жауаптарын алып жатты.
Сонымен қатар кешімізге Махамбет ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сансызбай Абатұлы ағамыз қатысты. Ағамызға сөз беріліп, керемет кештің куәсі болып жатырғанын айтты және түлектерді оқуға шақырды. Мектеп психологі Салтанат Муратовнаға сөз берілді. Оқушыларға мамандық таңдауда психологиялық кеңестер айтып, келген қонақтарға табыс тіледі.
Кеш қорытындыланды. Кеш соңында қонақтар тарапынан «Ұстазым» әні шырқалды.
Жас түлек, мамандық — сіздің өміріңізде тек жұмыс емес, ол сіздің арманыңыз, талпынысыңыз, қоғамға қызметіңіз. Өз жолыңызды табу үшін көп ойланыңыз, зерттеңіз және өзіңізді кім ретінде көргіңіз келетінін біліп, соған қарай қадам жасаңыз. Болашақ сіздерге үлкен мүмкіндіктер сыйлайды!
Кешті ұйымдастырған мектептің кәсіби бағдар беруші маманы Кадирова Лайла Есенжановна.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/k-sibi-ba-yt-ba-dar-beru/261-mamandy-zhaj-ana-zh-mys-emes-mirlik-zhol.html#sigFreeId757cda584e












