Алға орта мектебі бойынша қаңтар айынан бастап 237 бала тамақ ішеді. Оның ішінде 75 аз қамтылған (1-4 сыныптан 19, 5-11 сыныптан 56 оқушы),1-4 сыныптар түгел (162) қамтылған. Ыстық тамақпен аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы отбасы және қамқорлыққа алынған оқушылар қамтылды. Оқушылар екі кезеңмен: 1 мен 4 және 5,6,7,8,9,10,11 сыныптар түске дейін (барлығы 153 оқушы) және түстен кейін 2-3 сыныптар ( барлығы 84 оқушы) тамақтанады. Кәсіпкер Айжарықова Жаңагүл. Ыстық тамаққа балалардың қатысына журнал ашылып оны әлеуметтік педагог қадағалап отырады. Ас мәзірін талапқа сай жасақтау, оның дұрыс берілуін , асхананың санитарлық жағдайын қадағалау, мектеп медбикелері Д.Молдашева мен Л.Рахатова қадағалайды.Тамақ ас мәзіріне сай уақытында беріліп отырды. Аспаздар талапқа сай киінген.Тамақтың әр балаға нормаға сай құйылып немесе дайындалған күйде беру ас мәзіріне сай болды.
Мектебімізге қаңтар айынан бастап 4,5,8 сыныптарға жаңадан оқушылар келуіне байланысты , ыстық тамақпен қамту жөніндегі тізімге өзгеріс енгізілді. Аз қамтылған оқушылар тізіміне 4 сыныпқа жаңадан келген оқушы Алдар Еркін, 5 сыныпқа Жарбосинов Абылмансур және 8 сыныпқа келген оқушы Құрманғали Мәди енгізілді.Үшеуіде жартылай жетім.












