Алға орта мектебі әкімшілігі, Махамбет аудандық білім бөлімінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №10-01-04/1783 санды хаты негізінде мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды сапасын зерделеу мақсатында Алға орта мектебі бойынша Бракераж комиссия мүшелері және «Қамқоршылық кеңес» комиссиясы болып мектеп асханасына кезекті зерделеу жұмысын жүргізді. Комиссия мүшелері: Қамқоршылық кеңестің төрағасы Б. Нұрмағанбетов, Әбішев Б, Изтлеуова З, Молдашева Д, Дәуленова Т, Әбдешова А қатысты. Зерделеу барысында тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификаттарымен салыстырылып қаралды. Мектеп асханасының тазалығы жақсы, барлық ыдыс-аяқ бала санына жеткілікті, күнделікті ас мәзірі ілінген. Тамақ ас мәзірі бойынша дайындалған, ас мәзірі талабы сақталған. Асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өткен, санитарлық кітапша құжаттары бар. Алдағы уақытта комиссия мүшелері асхананы тексеруді жалғастырып отырады.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/mektep-tama-tanuy/226-al-a-orta-mektebi-bojynsha-tama-tandyrudy-zerdeleudi-orytyndy.html#sigFreeId9fa0d0fadb












