Алға орта мектебі бойынша 22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арналған 2018-2019 оқу жылының 19-27 қыркүйек аралығында   «Ана тілім-ажарым,асыл мұра

 

Қазақстан  Республикасының  Тіл  туралы  Заң  орындау  барысында  қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,шет тілі пәні  бірлестігінде атқарылып  жатқан  жұмыстар  аз  емес.Қыркүйектің  19-27  аралығында Тілдер   мерекесіне  арналған  «Ана тілім-асыл мұрам,ажарым » атты апталық  ұйымдастырылды.

Хабарландыру  ілініп  әр  пән  өз  газетін  шығарды. Мектепте  қазақ  тілі, шет  тілі, орыс  тілі  кабинеттерінің  арасында  байқау өткізілді. «Ана тілім -ардақтым» атты  оқушылар   арасында  шығармалар  сайысы  ұйымдастырылды. 6а,ә сынып аралығында «Сөз мергені»атты лингвистикалық сайыс өтті өтті.Оған жауапты Сұлтанғалиева.Г .Оған жауапты Үмбетова.З мен Ильясова.М жауапты болды.

 

Бастауыш сыныптарда «Ана тілім ардағым» атты шығармалар сайысы өтті. «Ел болашағы –білімді ұрпақ» атты сайыс10- сынып оқушыларының аралығында өтті.Жоғарғы сынып оқушылары бұл сайысқа да ерекше атсалысты.онда бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырган қазақ тілінң болашағы туралы айтылды.Бұл сайыста оқушылардың тіліне деген ереше құрметін көрдік.Әсіресе, кеңесова Данагүл,Амиров Игілік сияқты оқушылар белсенді қатысып өз ойларын шынайы айтып ортаға салды.

 

Пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен үш тілде «Тілім барда білмеймін мен қайғыны» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар үш тілде өзінің нақышына келтіріп оқыды. «Тілімде менің бабамның батырлығыда, Махамбет пен Абайдың ақындығы» атты Абай прозасы мен поэзиясын үш тілде жатқа айтты «Ахмет Байтұрсынов –ұлт көсемі»тақырыбында 8-сынып оқушыларының арасынла пресс- конференция өтті.

 

Ол оқушыларды дайындаған Г.Султангалиева. 9-сыныптар аралығында Лингвистикалық сайыс өтті. Орыс тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Интелектуальный турнир»тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.   «Что за прелесть-эти сказки» «Веселая перемена» тақырыбында орыс халқының частушкалары орындалды. Апталық барысында сабақ арасындағы қоңыраулар кезінде оқушыларға үш тілде соның ішінде ағылшын тілінде оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін қызықты мағлұматтар беріліп,шет тілінде караокемен өлеңдер айтылып, түрлі сергіту сәттері ұйымдастырылды.

 

Оқушылыр ағылшын тілінде би билеп, ән де шырқады. Сонымен қатар 5 – 9 сыныптар арасында « Language is a power» тақырыбында ағылшын тілінде көркемсөз оқудан сайыс болды. Аса жауапкершілікпен дайындалған оқушылар ағылшын тілінде сөйлеу декцияларымен қатар мәнерлеп оқулары да өте жақсы болды. Бұдан байқағаным оқушылардың шет тілге деген қызығушылықтарының жоғары екендігі.

 

Апталық кезінде Дауленова Гүлфарам 7а сыныбымен «We learn English» тақырыбында сыныптан тыс щара өткізді. Сынып оқушылары белсене қатыса отырып, білімдерін сарапқа салды. Екі топқа бөлінген оқушыларға саяхат сабақ ретінде өткізіліп, әр аялдама сайын түрлі тапсырмалар орындалды. Жеңімпаз топ марапатталды.Апталықтың соңы  «Ана тілім-ажарым,асыл мұрам» атты қорытынды кешпен аяқталды.

 

Бұл кешке 6-шы сыныптар ағылшын тілінде дайындаған «Қозы – Көрпеш, Баян Сұлу» қойылымы көрермендердің көңілінен шықты. Жақсы қатысқан оқушылар мадақтамаларға ие болды.

 

Кеште өткізілген әрбір шараның үздік деп танылған оқушылары өнерлерін көрсетті. Кеш өте тартымды өтті. Кеште тіл  мерекесіне арналған  апталық  қорытындыланып,  жақсы  қатысқан,  белсенділік  танытқан  оқушылар  марапатталды.

      

.