Тәуелсіздік-ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.Қазіргі таңда Тәуелсіздік-барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі –ең алдымен халқымыздың бақыты. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу-біздің буынның бағыты болуы тиіс. Олай болса мектебімізде Тәуелсіздік күніне іс-шаралар жоспары жасақталып,жұмыстар жүргізілуде. 4а сыныбында «Тәуелсіздік туы желбіресін», 6ә сыныбында «Тербет елді, тәуелсіздік ұраны», 5ә «Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған», 9а сыныбы «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым», 7ә сыныбы «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыптарында сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттары өтті. Султангалиева Гүлсім жетекшілік ететін 8 сынып «Тәуелсіздік-бабалардан жеткен ұлы сый» тақырыбында мектепішілік кеш ұйымдастырды.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/129-t-uelsizdik-k-nine-oraj-jymdastyryl-an-sharalardan-khabarlama.html#sigFreeId2ca11d9083












