Алға орта мектебі бойынша "Жарқын болашақ-жастармен" тақырыбы аясында 19 қаңтар "Руханият" күнінде "Жыраулар поэзиясы-жырдың мөлдір бастауы" жыраулар өлеңдерін жатқа айту сайысы өткізілді. Мектеп тəлімгері Сагидолла Гүлдана ұйымдастырып, Жас ұлан ұйымы мүшелері белсенділік көрсетті.
Онда 5а сынып оқушысы Əбдуəли Əділжан "Əй, Махамбет жолдасым" Махамбет өлеңдерін жатқа айтып 1-орынға ие болды. ІІ-орынға ие болған 6а сынып оқушысы Болат Дастан "Доспамбет жыраудың Қоғалы көлдер қом сулар" өлеңін жатқа айтты. 5ə сынып оқушысы Руслан Дастан "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтып, ІІІ-орынға ие болды. Жұмашева Дильназ,Мұстафа Дильназ,Таңатарова Асылай "Ақтамберді жырау", Кəукен Дария "Алпамыс батыр", Сəду Аяулым "Батыр Баян", Марат Нұрай "Алпамыс Батыр", Демеу Нұрбақыт "Қобыланды батыр" жырларын айтуда белсенділіктерін көрсете білді.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/130-zhyraular-poeziyasy-zhyrdy-m-ldir-bastauy-zhyraular-le-derin-zhat-a-ajtu-sajysy-tkizildi.html#sigFreeId4f7c06aa8a












