Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пəндер циклін ағылшынша оқыту мектебіміздің арнайы курстан өтіп, сертификатталған биология пəні мұғалімі Д.Тулепова жəне информатика пəні мұғалімі С.Изтелеуоваға биылғы оқу жылында жүктелген болатын.
Бүгінгі күні онкүндік аясында Д.Тулепова 8-сыныптарға аталған бағытта жасап жатырған жұмысының көрінісі ретінде ашық сабақ ұсынды. Сабақ өте керемет өтті. Сабақтың өне бойынан оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды көрдік жəне сол тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларымыз нəтижеге жетті. Тағы бір айта кетерлігі, оқушыларымыз ағылшын тілінде терминдерді айтып, бірін бірі бағалап қана қоймай, Kahoot бағдарламасымен тест жұмысын орындады. Оған қоса, мұғалімдеріміз пəн бойынша сыныптан тыс шараларды да өткізуде. Атап айтар болсақ, тарих пəні мұғалімі Мажиева Айнұрдың "Тарихи тұлға -Құрманғазы" тақырыбындағы шарасы Елбасымыз ұсынған жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналған "Туған жер" бағдарламасымен ұштасып жатырған болса, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Сағидолла Гулдананың "Зерделі оқушы-2019" тақырыбында өткізген интеллектуалдық сайысы оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға, білімнің ең ұлы күш екендігін саналарына сіңіруге бағытталған.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/132-distemelik-onk-ndik-sharalary-zhal-asyn-tabuda.html#sigFreeId1034852d0e












