Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды болумен қатар үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы да арта түсіп, еңбегі еленері хақ.


Мектебіміздің жас мұғалімдері: физика пəні мұғалімі Төлеева Қарлығаш, ағылшын тілі пəні мұғалімі Қуандықова Ақкүріш, бастауыш сынып мұғалімі Сүндетова Асылайдың өткізген ашық сабақтарынан ұстаз шеберлігін көрген болсақ, Динара Тулепова мен Абдешова Анардың биология пəні бойынша өткізген "Қызықты биология" танымдық сайысы да ұтымды ұйымдастырылғандығының куəгері болдық.