«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» М.Дулатов
Онкүндік аясында өтіп жатырған шаралар топтамасы. Айнур Мажиева "Германия" тақырыбында 9-сынып оқушыларына, қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Султангалиева Гулсим 8-сынып оқушыларына "Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығына арналған ашық сабақ өткізсе, орыс тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Роза Макаеваның 5-6-сыныптарға "Весёлый марафон", ағылшын тілі мұғалімі Gulmira Daulenovaның 6-7-сыныптарға "I am a leader" шараларында оқушыларымыз белсенділік көрсетіп, өздерінің білім деңгейлерін дəлелдеп, тапқырлықтарын сынады. Информатика пəні мұғалімі Самал Изтелеуова мектепішілік дарабоз оқушыны таңдау мақсатында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойынын ұйымдастырып, 10-сынып оқушысы Гарифолла Асем оза шауып, көшбасшы атағына лайық деп танылды.Аталған шаралар егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекетіміздің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкіртін тәрбиелеудегі ұстаздарымыздың сүбелі үлесі деп біліңіз.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/135-germaniya.html#sigFreeId4c71804c2b












