Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин "Мұғалімнің жұмысы – балалар. Ендеше балалар түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны",- деген екен. Мектебіміздің ұстаздары оқушыларымызды білім нəрімен сусындатып, жаңаны түсіндіріп, көкейіне қондыру мақсатында сабақтарында түрлі əдіс-тəсілдерді қолдануда. Оған дəлел мектебіміздің білікті де тəжірибелі ұстазы Есмағамбетова Зубайданың математикадан 5-сыныптарға "Ондық бөлшектерді қосу жəне азайту", Мая Жумагалиеваның 7-сыныптарға қазақ əдебиетінен "Əлеуметтік желіні пайдаланамын", биология пəні мұғалімі Абдешова Анардың 7-сыныптарға "Жануарлардың қозғалыс мүшелері", дене тəрбиесі пəні мұғалімі Құлахмет Таңатардың 7-сыныптарға "Допты оң жəне сол аяқпен тура алып жүру" тақырыптарындағы өткізген ашық сабақтары. Мамандық таңдау -маңызды іс. Мектебіміздің 9-11-сынып оқушылары алдында да осы жауапты науқан тұр. Мектеп психологы Салтанат Хасанова аталған сыныптың жетекшілерімен бірлесе отырып, "Мен мамандық əлеміндемін" тақырыбында өткізген шарасы оқушыларымызға көп көмегі болды.












