2018-2019  оқу жылының 1-12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндік өткізіліп жатыр.

Онкүндіктің негізгі мақсаты: Адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастарды адамгершілік-рухани жетілдіру, оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстыру, азаматтық мәдениетке қалыптастыру және дамыту.

1-ақпан күні 5-11 сыныптар арасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығаршашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуына орай саптүзеу өткізілді. Саптүзеуде өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жумагалиева М.С. және Умбетова З.А. Сара Алпысқызының өмір жолынан таныстырылым жасап, Жумагалиева М.С. жетекшілік ететін 5 «а» - сынып оқушыларына алдын-ала берілген Сара Алпысқызы Назарбаева және «Өзін-өзі тану» пәні туралы тақпақтарды жатқа айта отыра,  караоке бағытында дайындалған Қарақат Әбілдинаның «Аяулы ана» әні шырқалды.

 

 

1-ақпаннан бастап технология пәні мұғалімі Б.Ашимова  ұйымдастырған  «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты  тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік, достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарынан, яғни қолөнер бұйымдарынан мектебімізде көрме жасақталып, оған оқушылар зор ықыласпен қызығушылық танытуда.

 

 

4-ақпан күні онкүндіктің тағы бір жалғасы ретінде оқушылармен жоспарланған жұмыстарды бастамас бұрын, келер ұрпақ қоғам талабына сай тәрбие мен білімді мектептен алса, ал мектептің жүрегі-ұстаз екені баршамызға аян. Осы тұрғыда сапалы білім,саналы тәрбие берушілерге,яғни Алға орта мектебі ұстаздарына «Мен өзімді танимын» атты тренингті  өткізуді жөн көрдік. Мұғалімдеріміз шара барысындағы тренингтен өз бойларына сенімділік, ал бір-біріне сүйіспеншілік сезімге бөленіп, серпіліп шықты.Үнемі жұмыс, оқушыларға қайтсек саналы тәрбие, сапалы білім беру мақсатында жүрген ұстаздарға бұл тренинг керемет әсер қалдырды деген ойдамыз.  Шараны өткізушілер өзін-өзі тану пәні мұғалімдері: Умбетова Замзия Айповна мен Жумагалиева Мая Смағұлқызы. Тренинг соңында мектебіміздің ұстаздары өздеріне керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыстарын, риясыз сүйіспеншіліктерін білдіріп жатты.

 

 

5-ақпан күні кітапханада «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы,оның ішінде автордың жазған кітаптары мен шығармаларының көрмесін ұйымдастырылды. Оған жауапты мектеп кітапханашысы Көшенова Раухан және өзін-өзі тану пәні бірлестік жетекшісі Жумагалиева Мая. Аталған жоспар бойынша жұмыс 7 «ә»- сынып оқушыларымен жасалды. Оқушылар Сара Алпысқызы Назарбаева өмірі мен қатар оның шығармаларына деген қызығушылықтарын танытты. Жоспар бойынша жасалған жұмыстың ерекшелігін атап айтар болсақ, оқушылар мектеп кітапханасына келген электронды оқулықтармен және  планшеттермен қазіргі заман талабына сай жұмыс жүргізе білді, оқушылар өздері осы құрылғылар арқылы Сара Алпысқызы туралы қосымша ақпараттарды қарап, кең ауқымды жұмыс жүргізе білді.