6-ақпан күні 5-10 сыныптар арасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспары бойынша Демеушілер мен мецанаттарды тарта отырып,аз қамтылған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, емдеу мекемелеріндегі, баспанадағы, балалар үйлеріндегі балаларға сыйлықтар сыйлауда «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастағы» атты қайырымдылық акциялары мен қайырымдылық марафонын өткізу керек болатын. Осы шараға орай мектебімізде «Балаға мейірім сыйла» атты мектепішілік шара өткізілді. Шара мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім, қамкөңіл балалар көңілін аулау болатын. Мектебімізде «Қамқоршылық» ұйымы оқу жылының басынан жұмыс жүргізіп келе жатырған болатын, ұйым мүшесі Бағытжан Нұрмағанбетов және мектеп басшысы Жумагалиева Нұргүл Смағұлқызы бірлесіп бастама жасай отырып, оны ауылдың жеке кәсіпкерлерінің бірі Амангелді Кадиров қостап, балаларға сый-сыяпат жасады. Мектеп басшысы Н.С.Жумагалиева өз жанұясының атынан және мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі, әрі «Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі, әрі жеке кәсіпкер Р.Б.Макаева қыстық күртеше сыйлады. Ал Б.Нұрмағанбетов және А.Кадиров оқушыларға 5 сабақ сөмкесін сыйға тартты. Және сый-құрмет көрсетуде мектеп оқушылары да қалыс қалмады, аталмыш оқушыларға оқу құралдарын сыйлады, сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары З.Т.Изтелеуова да өз атынан балаларды тәттілермен қуантты.Шараға шақырту алған ұйым мүшелері, жеке кәсіпкер және жартылай жетім балалар аналарымен, өздеріне қараушылармен бірге шараға көрермен болды. Концерттік бағдарламаларды мектебіміздің 10-сынып оқушылары бастап ұйымдастырып, оған 6,8,9-сынып оқушылары белсене ат салысты. Шара барысында шақырту алған балаларымызға жағымды көңіл-күй сыйлау үшін тренинг өткізілді. Тренингті ұйымдастыру мектебіміздің психологы С.Хасанова және өзін-өзі тану пәні мұғалімі З.Умбетоваға жүктелген болатын, жауапты мамандар балаларға керемет көңіл-күй сыйлады. Келген қонақтар да разы болып тарқасты.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/138-zin-zi-tanu-makhabbat-pen-shy-armashyly-pedagogikasy-atty-onk-ndigini-tilui-turaly-khabarlama-2.html#sigFreeId2ddf799e91
7-ақпан күні «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында 5 «а»-сыныбына ашық сабақ өткізілді.
Сабақты өткізген өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жумагалиева Мая Смағұлқызы. Сабақ өз дәрежесінде өтіліп, аталған мақсаттарға қол жеткізілді. Сабақ барысында «Ойланайық,пікірлесейік», «Ардақта ата-анаңды», «Кім және не мейірімді?», «Жағдаяттарды талдау» секілді жұмыстар жоспарланып, оқушылар жоспарға сай белсене қатысты.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/138-zin-zi-tanu-makhabbat-pen-shy-armashyly-pedagogikasy-atty-onk-ndigini-tilui-turaly-khabarlama-2.html#sigFreeId2dc6d899e9
Сонымен қатар осы 7-ақпан күні түстен кейін осы аталған сыныпта, яғни 5 «а» -сыныбына жетекшілік ететін өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М.С.Жумагалиеваның ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамызға» арналған мәнерлеп оқу сыныптан тыс шара ретінде өткізілді. Оған сыныптан А.Ибраш, А.Мақсот, А.Саябекқызы, Т.Уржимбаева, Ә.Әбдуали, А.Амангелдіұлы, А.Каримұлы, К.Таганова,С.Жұмажан сықылды оқушылар «Ана» туралы жырларын жатқа айтып, белсенділік танытты.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/138-zin-zi-tanu-makhabbat-pen-shy-armashyly-pedagogikasy-atty-onk-ndigini-tilui-turaly-khabarlama-2.html#sigFreeIda64a64fde2
8-ақпан күні онкүндіктің іс-шара жоспарына сай «Қайырымдылық - жер бетінде» атты тақырыпта жоғары сыныптар арасында патриоттық, адамгершілік,қайырымдылық туралы жоғары сыныптар арасында дебаттар өткізілді. Дебатқа жоғары сыныптар белсенділік танытып қатынасты. Оқушылар қайырымдылық, адамгершілік тақырыбында еркін пікір алмасты.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/138-zin-zi-tanu-makhabbat-pen-shy-armashyly-pedagogikasy-atty-onk-ndigini-tilui-turaly-khabarlama-2.html#sigFreeId75b1e8e8e5
Сонымен қатар 8-ақпан күні іс-шара жоспарында белгіленгендей «Қоршаған әлеммен үндестік» тақырыбында ашық сабақты 7 «а» -сыныбына өзін-өзі тану пәні мұғалімі З.А.Умбетова өткізді. Сабақ өте тартымды, оқушылардың жұмыс жасау ерекшеліктері де өте керемет дәрежеде болды.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/138-zin-zi-tanu-makhabbat-pen-shy-armashyly-pedagogikasy-atty-onk-ndigini-tilui-turaly-khabarlama-2.html#sigFreeIdbdcf6c1c12
Сонымен бірге жоспарда белгіленгендей 8-ақпан күні қоңырау кезінде оқушылар арасында «Қайырымдылық – жер бетінде» атты флешмоб ұйымдастырылды. Оқушылар бір жағынан сергіп те қалды,белсенділік танытып қатынасты.












