12-ақпан күні 5-10 сыныптар арасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аяқталуына орай, әрі 12-ақпан «Алтын жүрек анамыз» Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай «Жүрекке жол тапқан - мейірімді ана Сара Алпысқызы» атты қорытынды концерт болды. Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу болатын. Оған өзін-өзі тану мұғалімдері М.С.Жумагалиева, З.А.Умбетова және бастауыш пән бірлестік жетекшісі Н.Тағаева ат салысты, сонымен қатар мектеп оқушылары да белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.












