Жаңа доңыз жылының жағымды жаңалықтарының бірі 2019 жылдың "Жастар жылы" болып жариялануы. Мектебімізде елге тұтқа болатын өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, өмірге тезірек араласуына септігін тигізіп жүрген жас мамандарымыз да осы жаңалыққа елең етіп, "оқушыларымыздың бойына терең білім беріп қана қоймай, тұғырлы тұлға болып қалыптасуына жұмылған жұдырықтай күш саламыз",-деп мақсат қойды. Осы орайда мектебіміздегі жас мамандар арасында шығармашыл, жаңашыл жастарды анықтау жəне оларды қолдау мақсатында "Ең үздік жас ұстаз-2019" шарасы болып өтті. Шара төрт турдан тұрды. Жас мамандарымыз шараға тыңғылықты дайындықпен келді. "Ең үздік жас ұстаз -2019" номинациясын физика пəнінің мұғалімі Төлеева Қарлығаш қанжығасына байлады. Шара басталар алдында ортада жағымды ахуал туғызу мақсатында мектебіміздің жас психологы Үржімбаева Жадыра "Ұжымдағы қарым-қатынас" тақырыбында тренинг жүргізді.Жас мамандарымызға егемен еліміздің ұл-қыздарына сапалы білім, саналы тəрбие беруде шаршамай, талмай еңбек етіңіздер, -дегім келеді.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/141-e-zdik-zhas-staz-2019.html#sigFreeId4b564f0227












