Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы тұсын­дағы тарихтың ең қайғылы бет­те­рі­нің бірі. Он жылға жуық бөтен ел­дің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шек­теулі контингент әскерлері құра­мында Қазақстаннан 22 269 жауын­гер интерна­цио­нал­дық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.
Міне, бүгінде ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл да толып қалыпты. 


Алға орта мектебі бойынша ақпанның 14-і күні Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуына орай "Отты жылдар жаңғырығы" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Ардагерлер Боранов Аманжол ағай, Əбілқайыров Ғани ағай, Балқасымов Əсет ағай келіп, қатынасты. Шарада оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, концерттік бағдарлама көрсетті. Ардагерлеріміз оқушыларымызға патриоттық тəрбиенің үлгісін көрсетіп, тілектерін айтып, жақсы көңіл күйде тарқасты.