Отан  ошақ басынан басталады...

 

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне орай 10 - сынып оқушыларының өз Отанын адал қорғауға АНТ қабылдау сәті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Балаларымыз бақытты өмір сүрсін!