«Жеңіс» сөзі бүкіл елге жан берген,
«Жеңіс» сөзі өзгелерге үн берген
«Жеңіс» сөзі жауынгерлерге күш берген
«Жеңіс» сөзі ғасырларға жалғасқан.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Олай болса, құрметті әріптестер, жерлестер! Аға ұрпақ алып берген Жеңіске де бүгінгі күні 74 жыл. Ұлы жеңістің 74 жылдық мерей тойына орай Алға орта мектебінде көптеген шаралар өткізілді. Мектеп алды даярлық тобынан бастап, жоғары сыныптар арасында сынып сағаттар, тәрбие сағаттар өткізіліп, оқушылар бар өнерлерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін көрсетті. Сонымен қатар, 9-мамыр күні Алға орта мектеп ұжымы салтанатты шеруге қатысып, оқушыларымыз да, ұстаздарымыз да бар өнерлерін ортаға салды.
Жеңіс бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Баршаларыңызды және отбасыларыңызды осындай тамаша мереке күндерімен шын жүректен құтықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/177-ly-zhe-is-k-nine-74-zhyl.html#sigFreeId97049e473c












