Махамбет ауданы, Алға орта мектебі бойынша 2-қыркүйекте «Білім күні» мерекесіне орай «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында үлкен тәрбиелік мәні бар шара болып өтті.
Шараға ауылымыздың белсенді азаматтары «Нұр Отан» партиясының мүшелері Алға ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мусин Расул Төлегенұлы және Алға ауылдық мәдениет үйінің директоры,лектор Боранбай Лес Нұрымұлы келіп қатысты.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін құру бағытындағы бұл жоба оқушыларымыз үшін де мәні бар мәселе болып отыр.
Шараның алғы сөзінде сөз алған Алға ауылдық округі әкімдігінің уакытша міндетін атқарушы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Мусин Расул Төлегенұлы бұл жобаның біздің республика көлемінде алар орнының,атқарылып жатқан игі істерді,ең алдымен білім беру ұйымдарында қарқынды өтіп жатқандығын баса айтып кетті.Адалдықтың ең ұлы қасиет екендігін,оның жалпыадамзаттық құндылықтардың ішіндегі адамның тұлғалық қасиетінің бірі екендігін түсіндіріп айтты.
Келесі кезекте Алға ауылдық мәдениет үйінің директоры,лектор Боранбай Лес Нұрымұлы ауыл бойынша атқарылған шаралардың тәрбиелік мәнін,өмірден көрген -түйгендерін оқушыларымызға жеткізді.
Мектебіміздің директоры Жұмағалиева Нұргүл Смағұлқызы осы шарадағы адалдықтың ең бірінші отбасы мен тәрбие - ошағы мектепте жүріп қалыптастырып, болашақта өмірлеріне азық болатынын балаларға мұқият жеткізді.
Бұл жоба тек бір ғана шарамен шектеліп қалмады,сонымен қатар Ашимова Баянсұлудың « 7ә»- сыныбында "Адал достық-адамгершілік белгісі", Қуандықова Ақкүріштің «5а»- сыныбында өткізген "Адамдықжәне адалдық",Тағаева Нұршаттың 3 "ә" сыныбында"Адалдық пен әділдік"атты шарасы балаларымызға жақсы әсер қалдырды.Шарада адалдық қасиетіне байланысты мақал-мәтелдер, даналардың асыл сөздеріне мысал келтіре отырып ,әсерлі ойларын ортаға салды.
Қорыта келе жоғарыда айтылған мәселелер төңірегінде бұл игі бастама өз жалғасын табады деген ойдамыз.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/185-adaldy-ardy-isi-ta-yrybynda-lken-t-rbielik-m-ni-bar-shara-bolyp-tti.html#sigFreeId84216f1875












