Бүгінгі күні ұрпағымыздың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге, тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі.

 

Қай ғасырда болсын өмірін өркендетуші саналы да салауатты ұрпақты тәрбиелеу - қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен білім беру мекемелер арасында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар "Саналы ұрпақ" жобасының нәтижелі көріністері болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін соңғы үш жылда елімізде тиянақты істер жалғасын табуда. Соның бірі МАХАМБЕТ АУДАНЫ, АЛҒА ОРТА МЕКТЕБІНДЕ де оқушыларымызға адалдық пен еліне деген патриоттық сезімді дәлелдейтін өнегелі іс-шаралар дәлел болады. Мектебімізден "Адалдық алаңы" атты бұрыш жасақталды. Әр баланың бойында жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыруда сыныптарда арнайы тәрбиелік сабақтар өткізілді. 4 "ә" сыныбында " Білімді ұрпақ - ел болашағы" сынып жетекшісі Ележанова Айжанның, 1 "а" сыныбында "Менің алғашқы қоңырауым" сынып жетекшісі Ажигалиева Фамиланың, 1 "ә" сыныбында "Менің мектептегі алғашқы күнім" сынып жетекшісі Сүндетова Асылайдың өнегелі шаралары мен тренингтері балаларымызға саналы түрде еліне, отанына деген адалдықтың сәулесін шашқандай болды.