Алға орта мектебінде бүгін, яғни 3 қазан күні Республикалық "Экологиялық сағат" акциясы аясында барлық сыныптар арасында тәрбиелік шаралар өткізілді.

Биология пәні мұғалімі Дауленова Толқынайдың ұйымдастыруымен өткізілген шараның негізгі мақсаты оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Шара өз мақсатына жетті деген сенімдеміз.


03.10.2019ж. Алға орта мектебі бойынша республикалық "Экологиялық сағат" акциясы аясында барлық сыныптарда танымдық-дамытушылық сабақтар өткізіліп қана қоймай, сонымен қатар мектеп ауласына тал егу шарасымен жалғасын тапты.