Қазақтың кемеңгер ақыны, философ, қайталанбас дара тұлғасы - Абай мұралары бүгінгі ұрпақ санасында қайталанбас көрініс тауып, көркемдік айшықтарымен әйгілі ғұламаның асыл мұрасы өрнектелуде.
Бүгінгі күні осындай дәріптеуде Алға орта мектебінде "Дана халықтың, дара Абайы"тақырыбына өткізіліп жатырған апталықтың жоспарға сай Ильясова Маншук пен Жұмағалиева Маяның 6-сынып оқушылар арасында өткізген "Абай жаққан бір сәуле" атты өнеге сағаты бала жүрегіне ой салар тағылымды шараның бірі болды. Өнеге сағатында тек қана оқушылар емес, сонымен қатар ата-аналарда драма көріністе ойнап, оқушыларға танымды образ сомдады. Әсіресе Абайдың парасатты, аяулы ажесі Зерені сомдаған Талғат Даниялдың әжесі Жумиева Ақсұлудың рөлі өз көрерменін тапты десе де болады. Драмалық көрініс Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы"романынан "Ақын қонақтар" әнгімесінен алынды. Бала Абайдың рөлін ойнаған Руслан Дастан да өз образын жеткізе білді.
Сонымен қатар ақын қонақтар Барлас пен Байкөкшенің келуіндегі ақындық пен өнер адамдарының ерекшелігін Баймұханов Ерлан мен Қанатов Рамазан образға еніп, рөлін шебер сомдады. Сол сияқты Абай әндері мен қарасөздерінен оқыған Кеңесова Сымбат, Руслан Дастан, Үржімбаева Таңшолпан, Саябекқызы Айназым,Жұмажан Сабрина, Төлеу Аяжан, Өтебай Жасмин, Талғат Даниял, Лұқпанов Заңғар атты оқушыларымыз кештің шырайын ашып өз өнерлерін көрсетті.
Шараның мақсаты ұлы ақын мұрасы арқылы адамды сүю, оны құрметтеу биік адамгершілік пен ізгілікті үлгі ету. Өнеге сағатының тағы бір тартымды тұсы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адамға тигізер пайдасын драмалық көрініс арқылы көрсетіп, тағылымды жақтарын оқушылармен пікірлесе отырып, талдады.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/209-dana-khaly-ty-dara-abajy-2.html#sigFreeId299e7f461a












