Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатырған апталықтың жоспарларына сәйкес Алға орта мектебінде бүгін 6.03.2020 жылы 5-11 сыныптар аралығында "Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы" тақырыбында Абай өлеңдері,қарасөздерін мәнерлеп оқудан жарыс өткізілді.
Шара Абай өлеңдерінің философиялық құндылығы мен сөз шеберлігін дәріптеу мақсатында өтті.
Өлеңді мәнеріне келтіріп жатқа оқып, өлең мағынасын пікірлесіп,ойларын ортаға салды. Әсіресе Үржімбаева Таңшолпан "Сап,сап көңілім", Қабидоллақызы Іңкәр "Сегіз аяқ", Кеңесова Сымбат "Өлсем орным қара жер,сыз бола ма?",Болат Дастан "Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы", өлеңдерін нақышына келтіре, жатқа оқыды. Сол сияқты ақынның, жетінші қарасөзін,"Отыз бірінші қарасөзін","Төртінші қарасөзін"айта отырып,мазмұнын өз сөздерімен айтты.
Сайыстың ІІ-бөлімінде Абай әндері орындалды. Әсіресе ән айтушылар сол әннің шығу тарихын түсіндіріп өтуі оқушыларға мағыналы терең ой салды.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/210-le-s-zdi-patshasy-s-z-sarasy.html#sigFreeIdd612df77f1












