Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдың мерей тойы қарсаңында Алға орта мектебіндегі апталық аясында тартымды шаралар жалғасын табуда.Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Г.Сағидолланың ұйымдастыруымен 7a,ә-сыныптары арасында өткізілген "Абайды оқы,таңырқа!" тақырыбында интелектуалды сайыс сабағы ақынның шығармашылығын жинақтап,жүйелеуге оқушыларымызға баға жетпес қазына болды.


Ақынның жас ұрпаққа терең ойға толып,алуан өлеңдері мен шығармалары,өмір сүрген ортасы,әндері жөнінде сұрақтар жасырылып шапшаңдылықпен,ұшқырлық пен білімдерін таныта білді.Алған білімдерін жинақтау мақсатында сайыста


"Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла!" (топтық жұмыс)


"Абайды білмек керек ойлы жасқа" (сұрақ-жауап)


Абайдың қарасөздері философиялық мұра бөлімдері бойынша білімдерін сынады. Сонымен қатар Абайдың күйлері "Май түні","Желдірме","Торжарғаның" шығу тарихынан шара ұйымдастырушысы Г.Сағидолла дерек беріп кетті.


Осында шаралардың тағы бір дәлелі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Үмбетова Зәмзияның 10-сыныпқа "Абай қарасөздері философиялық мұра"тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.Бұл шара Абай қарасөздерімен оқушылар жатқа оқып,қандай тақырыпта жазылғанын өзара пікірлесіп,талдады.


Шараның тағы бір тартымды тұсы Абай аудармаларынан мазмұндай отырып,ақынның шебер аудармашы екендігін дәлелдейтін тарихи деректерді зерттеу жұмыстары арқылы презентация түрінде қорғады.