Алға орта мектебінде 11 желтоқсан күні Облыстық білім беру басқармасының 2019 жылғы 21 қарашадағы 366 "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының қатарына қабылдаудың біріңғай салтанатты жиынын өткізу туралы" бұйрығына сәйкес, Алға орта мектебінде 11- желтоқсан күні "Жас Қыран" мен "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті.
Шарада "Жас Қыран" ұйымына-8, "Жас Ұлан" ұйымына-15 оқушы өтті. Жиынға Алға ауылдық әкімшілік маманы мен Алға мәдениет үйінен және ардагер ұстаздар шақырылды. Сонымен қатар мектеп директоры мен мектеп ұстаздары қатынасты. Шара Қ.Р-ның гимнімен басталып, "Жас Ұлан" ұйымының туы кіргізілді. Сынып ұланбасылары мектеп ұланбасына рапорт тапсырды. Жаңадан ұйымға қабылданған оқушылар АНТ қабылдап, галстук бен төсбелгі тағу құрметі қонақтарға жолданып, құттықтау сөз сөйленді. Ұйым қатарына қабылданған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/212-saltanatty-zhiyny-bolyp-tti.html#sigFreeId284c0ebb69












