Алға орта мектебінде жазғы лагерь жалғасуда. Оқушылардың қызығушылығын арттыру , оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу, жылдамдыққа, шапшаңдыққа уйрету мақтасында "Спорт - денсаулық кепілі" "Sport is important in our life" тақырыбында көңілді эстафета өткізілді. Сайысқа "Алға" тобы, "Қырандар" тобы, "Тұлпар алға" тобы қатысты. Сайыс барысында қатысушылар түрлі қызықты ойындардан, кедергілерден өтіп, мәреге жетіп, есептер шығарып, мақалдардың жалғасын тауып және қазақша сөздердің ағылшынша аудармасын тапты. Ер балалар арасында арқан тартыс, асық ату секілді қазақи ойындар ойнатылды. Капитан командалары арасында турникке тартылып бақ сынасты. Сайыс қызықты да жоғарғы дәрежеде өтті. Нәтижесі анықталып, жинаған ұпай сандары бойынша қорытынды жасалып, жүлделі орындармен марапатталды.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/218-sport-densauly-kepili.html#sigFreeId519a7a7bcb












