Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сай ағымдағы жылдың 12-13 тамыз аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІ Республикалық «Абай оқуларының» облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді. Сайыс нәтижесінде әділқазылардың шешімімен «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмашева Дильназ І орын иеленді. Шын жүректен жеңістің жалауы құтты болсын демекпіз!Оқушыны дайындаған Мукатова Лəйлə Ислямгалиевнаға мың алгыс! Ендігі Республикалық кезеңге сәттілік және Жеңіс тілейміз. Алтын жүлде алуға Аллам қолдап ,нəсіп етсін!!!
#Алға_орта_мектебі
#Өнерлі_оқушыларымыз_көп_болсын!