Алға орта мектебінде отбасы күніне орай 1ә сыныбында «Отбасы шуағы» тақырыбында отбасы сағаты өткізілді.
Мақсаты білім алушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне құрмет көрсету, кішілерге ізет көрсетіп, әркез сыйластық танытуға тәрбиелеу. Жолда жүру ережелерін сақтау және жедел қоңырау шалу номерлерін естеріне ұстау.
Сынып сағаты барысында оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы бейнесабақтар көрсетілді.Өмірде кездесетін қауіп-қатерден қорғану ережелері түсіндірілді.
Отбасына арналған жыр шумақтарын арнап, отбасы туралы мақал-мәтелдерін айтты. Өз отбасы туралы әңгімелеп, бейнеролик тамашалады.
Жетекшісі: Тагаева Н.













