Алға орта мектебінің 3а сыныбында сынып жетекшісі Әжіғалиева Фамила "Мектебім-мейірім мекені" сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Шұғыл қызмет телефон нөмірлері" атты тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды төтенше жағдайларда көмекке келетін қызметтермен таныстыру. Төтенше жағдайлар қызметі мен сенім телефондарының нөмерлерін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.













