Алға орта мектебінде 05.02.2026 жылы “Заң мен тәртіп” аясында Махамбет ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және аудандық Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен “Сталкингке жоқ: өз шекараңды қорға!” атты жоғары сынып оқушыларымен семинар өткізілді.
Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Г. Бекбаева ашып, тақырыптың маңыздылығына тоқталды.
Сталкинг - бұл бір адамның басқа бір адамды үнемі бақылауы, ізіне түсуі, жеке өміріне қол сұғуы. Көбінесе бұл психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі ретінде қарастырылады. Сталкингтің белгілері:
- Үнемі хабарласу,
- Ізінен жүру, бақылау
- Жеке өміріне қол сұғу
- Қорқыту, қысым көрсету.
Егер сталкингке ұшырасаңыз, дереу полицияға хабарласу керектігі жөнінде аудандық Полиция бөлімінің Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны А.Сапарғалиева кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Изтлеуова мен мектеп психологы С.Хасанова оқушыларға аталған тақырып бойынша сұрақтар ұйымдастыруымен оқушылармен бірлесе жауап түрінде жалғасты.
Аудандық Отбасын қолдау орталығының маманы Р.Қартқожақов орталықтың жұмысымен таныстырып, жадынамалар таратылды. Семинар қорытындысында оқушылар сталкингтің қауіптілігі туралы толыққанды ақпарат алды.













