«Алға орта мектебі» КММ желтоқсан айында мектеп педагог-психологы С.Хасанова «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 кун» акция аясында және сынып жетекші Д.Кулькенова 6- сыныпта «Өмір қиын жағдайларына тап болған балалар мен олардың отбасыларына дағдарыстық көмек көрсету және алдын алу» бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. Тақырыбы: «Буллинг, кибербуллинг деген не?»
ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ
1. Оқушылар арасында қауіпсіз, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
Әр бала өзін құрметтелген, бағаланған және қорғалған сезінуі тиіс.
2. Буллинг түрлерін түсіндіру және оның салдарын көрсету.
Психологиялық, вербалды, физикалық және кибербуллинг туралы нақты мысалдармен ақпарат беру.
3. Оқушылардың эмоциясын басқару дағдыларын дамыту.
Ашуды бақылау, дауды шешу, өз ойын мәдениетті жеткізу жолдарын үйрету.
4. Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Бір-бірін тыңдау, сыйлау, эмпатия танытуға бағытталған жаттығулар өткізу.
5. Құрбылар арасындағы қолдау жүйесін күшейту.
«Мен көмектесе аламын», «Сынып досымды қорғаймын» сияқты ұстанымдарды қалыптастыру. Жұмыс барысында,оқушылармен рефлесия жасалды. Ойларындағы сұрақтарды қойылып ,сұрақтарының жауаптарын алды.