«Білім күні» аясында бірыңғай сынып сағатының өткізілуі туралы

2026 жылғы 1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебіміздің 0–11 сынып білім алушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттарының барысында оқушыларға Конституцияның маңызы, заң мен тәртіпті сақтау, адал еңбек ету, қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным туралы түсініктер берілді. Оқушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік, заңға құрмет және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Білімді, адал, зерделі ұрпақ – ел болашағы!

#алғаортамектебі #білімкүні #бірыңғайсыныпсағаты