Алға орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларына 2026 жылғы 1 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңды құрметтеу және жауапкершілік туралы пікір алмасты. Сонымен қатар оқушылар тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік және азаматтық белсенділік қасиеттерін қалыптастыру, Ата Заңға деген құрметін арттыру.
https://alga-mahambetbb.testim.kz/kz/zha-aly-tar/290-al-a-orta-mektebini-8-synyp-o-ushylaryna-2026-zhyl-y-1-yrk-jek-k-ni-aza-stan-respublikasyny-konstitutsiyasy-adal-azamat-zerdeli-lt-zh-ne-zhauapty-o-am-alyptastyrudy-negizi-ta-yrybynda-synyp-sa-aty-tkizildi.html#sigFreeIdb6b08522b7












