«ОТБАСЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНА» КӨРМЕСІ

Алға орта мектебінде 2026 жылдың 9-қыркүйегінде «Отбасы – тәрбие бастауы» апталығы аясында мектебімізде «Отбасылық шеберхана» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы мүшелерімен бірлескен еңбекті дәріптеу және «Бала – отбасы – мектеп» ынтымақтастығын нығайту.

Көрмеге оқушылар өз отбасыларымен бірге жасаған қолөнер бұйымдары, ұлттық нақыштағы жұмыстар, суреттер, сәндік композициялар және түрлі шығармашылық туындыларын ұсынды. Әрбір жұмыстан отбасы мүшелерінің бірлігі, еңбегі мен өзара қолдауы көрініс тапты.

Осындай бірлескен жұмыстар бала бойына еңбекқорлық, жауапкершілік, шығармашылық және отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Отбасы – бала тәрбиесінің алтын бесігі!

Бірге жасаған еңбек – отбасы бірлігінің көрінісі!

#ОтбасыТәрбиеБастауы

#ОтбасылықШеберхана

#ОтбасыҚұндылықтары

#БалаОтбасыМектеп

#АлғаОртаМектебі

https://www.facebook.com/reel/2035279993768022?locale=ru_RU