«Тіл – достықтың дәнекері»
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Алға орта мектебінде «Тіл – достықтың дәнекері» атты тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Шараның басты мақсаты – оқушыларға тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, көптілділікті дәріптеу, өзге тілге құрметпен қарап, ана тілімізді ардақтауға тәрбиелеу. Себебі тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы, ал бірнеше тілді білу – әлемге ашылған кең жол!
Іс-шара барысында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бірлестіктерінің ұстаздары оқушыларға қызықты әрі танымдық тапсырмалар ұсынып, олардың тілдік білімдерін шыңдауға мүмкіндік берді. Оқушылар түрлі тапсырмаларды белсенді орындап, өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шара барысында достық, бірлік, өзара сыйластық құндылықтары кеңінен насихатталды. Тілі әртүрлі болғанымен, жүрегі бір халықтың береке-бірлігі қашанда биік! Тілді үйрену – тек сөз жаттау емес, басқа халықтың мәдениетін түсіну, дүниетанымыңды кеңейту, өзіңді жаңа қырынан тану.
https://www.facebook.com/reel/1022641510789790?locale=ru_RU












