Отбасы апталығына орай 2 ә сыныбында “Отбасы бақыт мекені” тақырыбында сынып сағаты болды. Сынып сағатының мақсаты:
*Отбасының негізі құндылықтарын түсіндіру;
*Отбасылық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар туралы әңгімелеу;
*Отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айту.
Оқушылар отбасы туралы сурет салып келіп,өз отбасы туралы таныстырылым жасады. Отбасылық рухани және материалдық құндылықтар туралы біліп,бір-бірімен пікір алмасты. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтып, ән шырқады.












