*9А сыныбында "Отбасы күні" аталып өтті*

Бүгін 9А сыныбында "Отбасы күніне" орай *"Отбасы - тәрбие бастауы"* тақырыбында тәрбиелік сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойына отбасылық құндылықтарды сіңіру, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, салауатты отбасы үлгісін насихаттау.

Сынып сағаты барысында оқушылар:

- *"Отбасы" ұғымы туралы* ой бөлісті

- Ата-анаға алғыс білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді

- Отбасылық дәстүрлер мен тәрбиенің маңызы жайлы пікір алмасты.

*#ОтбасыКүні #ОтбасыТәрбиеБастауы #9Асыныбы #СыныпСағаты

https://www.facebook.com/reel/1585918019931488?locale=ru_RU