Жаңалықтар
Орталық жұмысы 5-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін, инклюзивті білім беру мен моторикасын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы қарсаңында «Мен қазақтың қызымын» атты 7-10 сынып қыздар арасында қыз сыны байқауы өткізілді.
"Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады.
Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.
Міне, бүгінде ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл да толып қалыпты.
Алға Орта Мектебінде 23.01 бастау алған "Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында сапалы білім, саналы тəрбие беру" тақырыбындағы əдістемелік онкүндік 05.02 күні мəресіне жетті.
Жаңа доңыз жылының жағымды жаңалықтарының бірі 2019 жылдың "Жастар жылы" болып жариялануы. Мектебімізде елге тұтқа болатын өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, өмірге тезірек араласуына септігін тигізіп жүрген жас мамандарымыз да осы жаңалыққа елең етіп,
Алға Орта Мектебі мұғалімдері оқушыларымызды ең ұлы күш біліммен қаруландыруда жəне келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде жаңаша іс-әрекет негіздерін меңгеріп, өз тəжірибесінде қолданып жүр. 11-сынып оқушыларына өткізген Сағидолла Гүлдананың сабағы Ж.Молдағалиевтің "Мен қазақпын" тақырыбында өтіп, сабағында



















