Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
М.Жұмабаев.


Алға Орта Мектебі мұғалімдері оқушыларымызды ең ұлы күш біліммен қаруландыруда жəне келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде жаңаша іс-әрекет негіздерін меңгеріп, өз тəжірибесінде қолданып жүр. 11-сынып оқушыларына өткізген Сағидолла Гүлдананың сабағы Ж.Молдағалиевтің "Мен қазақпын" тақырыбында өтіп, сабағында оқушылардың бойындағы Отансүйгіштік қасиеттің, Отанымызға деген махаббаттың жылы лебін сезгендей болдық. Осы сабаққа жалғасқан Ильясова Маншуктің қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы тақырыбындағы сабағында пəн мұғалімі əдіс -тəсілдерді, стратегияларды тиімді қолданып, оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыра білді. Ағылшын тілі пəні мұғалімі Дауленова Гулфарамның Астанамызға арналған саяхат сабағы да сəтті шықты. Оқушыларымыз ағылшын тілінде диалогтар құрып, сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақтың өн бойына оқушылар таза ағылшын тілінде сөйледі. Бұл да мұғалімнің шеберлігі деп білеміз. Орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Роза Макаева 6-сыныптарға өткізген "Междометие" тақырыбында ашық сабағында өрендерімізге рөлдік ойын ойнатып, олардың артистік қабілетін, орыс тілінде сөйлеу шеберлігін шыңдап қана қоймай, рухани құндылықтарымызды оқушы бойына сіңіру мақсатында өзін өзі тану пəнімен кіріктірді. Өзін өзі тану мұғалімі Замзия Умбетова бес құндылықты жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, риясыз сүйіспеншілікпен жүректен жүрекке жеткізді. Орыс тілі мұғалімі басқа да стратегияларды тиімді пайдаланып, оқушылардың пəнге қызығушылығын арттыра білді. Саз пəні мұғалімі Мукатова Лайланың мұғалімдерімізге арнап өткізген Сиқырлы əуендер шарасы да өте тартымды өтіп, ұстаздарымыз бір серпіліп, көңілдері көтеріліп қалды. Ұстаздарымызға Алғыс білдіреміз!!!