Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов
Алға Орта Мектебінде 23.01 бастау алған "Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында сапалы білім, саналы тəрбие беру" тақырыбындағы əдістемелік онкүндік 05.02 күні мəресіне жетті. Бұл күні І жəне ІІ деңгейлік курстан өткен ұстаздарымыз Роза Байбосынова, Үмбетова Замзия, Айнур Мажиева "Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау" тақырыбында, ІІІ деңгейлік курстан өткен ұстаздарымыз Роза Макаева, Султангалиева Гулсим, Сагидолла Гулдана "Сабақты тиімді жоспарлау-сəтті сабақтың кепілі" тақырыбында семинар коучинг өткізіп, мұғалімдер өзара тəжірибе алмасса, бір топ мұғаліміміз мектепішілік педагогикалық оқуда шығармашылық ізденіп жүрген тақырыптарын қорғады. Соңында аталған онкүндік қорытындыланып, үздік шыққан ұстаздар ұлығыланды. Атап айтар болсақ, "Үздік сабақ-2019" - номинациясына шығармашыл топ мұғалімі Есмағамбетова Зубайда жəне жастардан Динара Тулепова, "Үздік сыныптан тыс шара -2019" - номинациясына Изтелеуова Самал мен Сағидолла Гулдана ие болса, онкүндікке белсене қатысып, бел ортасында жүріп "Ең үздік бірлестік -2019" атағына ие болған Қазақ тілі мен əдебиеті пəн бірлестігі - бірлестік жетекшісі Султангалиева Гүлсім. Басқа да қатысқан барлық ұстаздарымызды мектеп директоры Нургул Смағұлқызы Алғыс хатпен марапаттады. Тағы бір айта кетерлігі, атсалысқан барлық ұстаздарымызға Құлахмет Таңатар Тастайбекұлы бастаған кəсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды.












